Ақтөбеде блокбекеттен өткен көлік жолаушысынан қару табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде өткен түні коменданттық сағат тәртібін бұзған 83 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Ал блокбекеттен өткен көлік жолаушысынан қару табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Облыстағы жағдай полицияның толық бақылауында.

«Өткен түні коменданттық сағатты бұзғаны үшін полиция бөлімдеріне 115 азамат жеткізілді. Оның 83 әкімшілік жауапқа тартылды (30-ы қамауға алынды, 9-ына айыппұл салынды, 20-ына ескерту берілді). Сонымен қатар қазіргі уақытта 3 адам қамауда отыр. Тағы 4 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып, сотқа дейін тергеу жалғасып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе қаласының және аудан орталықтарының шыға берісінде 10 блокбекет орнатылған. Онда полиция қызметкерлері мен әскерилер құжаттар мен көлік ішін тексереді.

«10 қаңтар күні блокбекетте 40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-2140» автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушінің танысының қолында 12 калибрлі тегіс ұңғылы екі мылтық болған. Қару иесі әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Ерболат Сарқұлов


Соңғы жаңалықтар