Ақтөбеде биыл 9 мыңға жуық адам қоныс тойын тойлайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Ақтөбеде 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы Ақтөбеде тағы 1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 9 мың жаңа пәтер пайдалануға беріледі.

«Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы – қолжетімді бағамен
сапалы тұрғын үй салу. 2019 жылы құрылыс жұмыстарына 194 млрд теңге жұмсалған. Ауданы 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл - облыс үшін рекордтық деңгей. Былтыр жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1600-ден астам жер телімі бөлінді. Оларға 305 шақырым инженерлік-коммуналдық желі жүргізілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласы мен Темір, Мәртөк, Байғанин, Шалқар аудандарында жалпы алаңы 22,7 мың шаршы метр болатын жалға берілетін 7 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды», - деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында кезекте тұрған 1 302 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Олардың арасында жетім балалар, көпбалалы
отбасы, халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін азаматтар бар.

Ал «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 264 тұрғын үй сертификаты берілді. 2020 жылы тұрғын үй құрылыстарына 215 млрд теңге қаржы жұмсалады. Барлығы 122 көпбалалы отбасына тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 563 шақырым инженерлік-коммуналдық желі тартылады.



Соңғы жаңалықтар