+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақтөбеде биыл 53 мың жұмыссызды еңбекке араластыру міндеттелді

2021 жылғы 26 қазан 22:58
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде биыл 53 мың жұмыссызды еңбекке араластыру міндеттелді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 53 мың жұмыссызды және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғанды еңбекке араластыру керек. Жоспардың 87% орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Ақтөбеде облыстық мәслихаттың экс-депутаты ақталып шықты Ақтөбеде жетім балалар мен аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдардамалар басқармасының басшысы Асланбек​ Шүйіншәлиев халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуы оң нәтиже беріп жатқанын айтты.

9 айдың қорытындысы бойынша 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, оның 15,6 мыңнан астамы тұрақты.

«Биыл 53​ 477 жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарды еңбекке араластыру жоспарданды. Жоспар 87% орындалып, 46​ 558 адам қамтылды. Атап айтқанда 2 мыңнан аса адам техникалық және кәсіби, соның ішінде қысқа мерзімді оқуға жіберілді. «Бизнес бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін 1498 адам оқып, тағы 1255 адам бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы ​ 695,4 млн теңгеге қайтарымсыз грант алды»,- деді Асланбек ​ Шүйіншәлиев.

Жиын соңында облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Соның ішінде аудан, ауылда тұрақты жұмыс орындарын ашу міндеттелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT