Ақтөбеде бірнеше жол жабылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облысында бірнеше бағытта жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің жылдамдығы 15-20 сек/метрге жетті. Қазірге кезде боран салдарынан бірнеше бағытта жол жабылды.

«Шұбарқұдық-Соль Илецк, Покровка-Ембі, Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық бағытындағы жолдар жабық. Жел күшейді, боран соғып тұр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар трассасының 765 шақырымында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС және облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізілді.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілерге жол ережесін түсіндіріп, қауіпті аймақтарда сақ болуға шақырды, Арнайы жадынамалар таратты. Полиция қызметкерлері қыс мезгілінде жолда қалған жүргізушілер үшін шұғыл шақыру нөмірі көрсетілген тақтайшалар орнатты.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Самара Шымкент» автожолында 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар