Ақтөбеде бірнеше күннен бері стратегиялық маңызды нысандарда күзет күшейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы мен бірнеше ауданда, шекарадағы ауылда «Дабыл -2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Облыс орталығындағы стратегиялық маңызды ғимараттарда күзет күшейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында 4 маусым күні «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу жаттығуы басталды. Алғашқы күні қалада, кейін Алға, Мұғалжар ауданының аумағында, Қандыағаш, Жем қалаларында күні-түні жаттығу өткізілді. Бүгін Мәртөк ауданындағы шекарада жалғасты.

«Жаттығу мақсаты - төтенше жағдайлар кезіндегі әлеуетті құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы келісімділікті арттыру. Күштер мен құралдардың қызметтік-жауынгерлік дайындығына, олардың өзара әрекеттерінің келісімділігі мен реттелушілігіне, сол сияқты оларды басқару мен өзара байланысын ұйымдастыру деңгейіне тексеру жүргізілетін болады.
null

Мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын жоспарлы негізде өткізіледі. Жаттығулар кезінде әуежай мен теміржол вокзалдарындағы тәртіптік-өткізуді бақылау күшейтіледі. Оқу-жаттығу шараларын өткізу, әскери және арнайы техниканың жұмысы кезінде көлік кептелістері туындауы мүмкін», - деп хабарлады Дағдарысты жағдайлар жөніндегі өңірлік жедел штаб.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиындарының жоспарына сәйкес стратегиялық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету нысандары, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының кеңселері қорғауға алынып, күзет күшейді.
null

«Оқу-жаттығу жиындары күндізгі және түнгі уақытта жүргізілетін болады. Өткізіліп жатқан жаттығуға түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдары өкілдерінің талаптарын орындауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Әрі жол жүру барысында көлік қозғалысын ерте жоспарлап және жалған ақпарат пен арандатушылық қауесеттерді таратуға жол бермеу қажет», - деп хабарлады жедел штаб өкілдері. 

null

null

Соңғы жаңалықтар