Ақтөбеде бірнеше басшы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары және басқарма басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бірнеше тағайындау болды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Мавр Абдуллин қала әкімі болып тағайындалып, оның орнына Рахат Садықов келді. Бұған дейін Қарғалы ауданының әкімі болып, кейін мемлекеттік қызметте көрінбей кеткен Р.Садықов енді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жауап береді.

"Бұрын Шалқар мен Қарғалы аудандарының әкімі болды. Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды. Енді құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жауап береді. Ауыл шаруашылығына Аманғали Бердалин жауапты. Ол облыс әкімінің орынбасары болады. Мал дәрігері мамандығын алып, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. 2012 жылдан бастап Әйтеке би ауданында, кейін Хромтауда әкім болды. Ал Ақпараттандыру және сыртқы байланыс басқармасының басшысы болып Сергей Беккер тағайындалды", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Өңір басшысы жаңа орынбасарларына жылыту маусымына дайындықты пысықтап, аудан әкімдерімен байланыс орнатуды тапсырды. Ал ақпараттандыру саласына цифрландыру жұмысын жетілдіруге ұйғарым берді.

Соңғы жаңалықтар