Ақтөбеде бірқатар шенеуніктер қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бір аптаның ішінде Ақтөбе облысында бірнеше парақор шенеунікті ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Аңшыбаев бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бар. 2016-2017 жылдар аралығында Аңшыбаев Ақтөбе облыстық ІІД атынан бір ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Оған сәйкес, бірқатар нысандарда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау қажет болған. Сот сараптамасы бойынша жөндеу жұмыстары үшін 12 миллион теңге төленді. Бірақ ештеңе жасалған жоқ.

«Жалпы Аңшыбаевқа және өзге де тұлғаларға қатысты бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша бес қылмыстық іс қозғалды. Аңшыбаев қамауға алынды», -деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Бұдан бөлек, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық инспекциясы басшысының орынбасары Орынбаев сыбайлас жемқорлыққа жол берген.

«Ол өсімдіктер карантинін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпаймын деп, кәсіпкерлерден тұрақты түрде пара алды деген күдік бар. Онымен бірге, аумақтық инспекцияның бас мамандары - Қаймолдиев және Көшкімбаев ұсталды. Олар өзара сөз байласып, карантинге жатқызылған өнімге тексеру жасамастан фитосанитарлық куәліктерді жылдам жасағаны үшін 7-20 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алып отырған. Қаймолдиев пен Көшкімбаев ұсталды және уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп атап көрсетті Н.Жаxин.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлім басшысын 1,7 млн теңгемен ұстағаны туралы видеоны жариялаған болатын. Аталған оқиға да Ақтөбе облысында болған.

Соңғы жаңалықтар