+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Ақтөбеде бір жасар бала коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 29 маусым 13:39
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде бір жасар бала коронавирус жұқтырды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде маусым айында 47 адам өкпе қабынуы дертінен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі аптаның соңында шешіледі Сарапшы: Карантин режимін бұзғандарға 83 мың теңге айыппұл - мәжбүрлі шара Сәкен Майғазиев қазақстандықтарды сабырға шақырып, күйзеліске түспеуге кеңес берді

Бір тәулікте Ақтөбе облысында 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Індетке шалдыққандардың арасында Темір, Әйтеке би, Ырғыз аудандарының тұрғындары бар. 1 жасар бала да індетке шалдығып, ауруханаға түсті. Басым бөлігі жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен медциналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Сонымен бірге өңірде қазір 2 мыңнан астам адам үй карантинінде. Өкінішке қарай демалыс күндері 3 адам көз жұмды.

«Өңірде 47 адам өкпе қабынуы дертінен көз жұмған. Қазір провизорлық стационарда 1 мыңға жуық адам ем қабылдап жатыр. Олардың 27-і жансақтау бөлімінде. Науқастардың 10-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Облыста 800-ден астам адам күндізгі стационарда ем қабылдап жатыр», - деді облыс әкімінің денсаулық сақтау саласы жөніндегі кеңесшісі Әсет Қалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT