Ақтөбеде бір тәулікте 100-ге жуық қылмыс ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Бір тәулікте 92 қылмыс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу.

Барлығы 138 қылмыс тіркелді. Бір тәулікте 92 қылмыс ашылса, оның 42-і бұрын тіркелген қылмыс.

Сондай-ақ, іздеуде жүрген 3 адам ұсталды.

«Нөлдік төзімділік» шарасы аясында 1590 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ішімдік ішкендер мен отбасының берекесі қашырып, әйеліне қол жұмсағандар, тыныштықты бұзғандар уақытша қамалды. Сонымен қатар, 1780 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару – 60, қарсы жолаққа шығу – 62, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 223, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы бойынша – 1453», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар