Ақтөбеде бір рет қолдануға арналған қап шығаратын цех іске қосылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы индустриалды аймақта құм мен цементке қажетті қап шығаратын цех жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» индустриалды аймағында тағы бір кәсіпорын жұмысын бастады. Бұл үшін «FIBС KAZAKHSTAN» компаниясына 2 гектар жер берілген. Жоба құны - 1 млрд теңге. Ал құрылыстың I-кезеңінде 200 млн теңге игерілді. Бір рет пайдаланылатын қаптар 500 - 2000 келіге дейінгі салмақтағы жүкті көтере алады. Биг-бэгтер цемент, құм, түрлі қоспалар, тыңайтқыштар, түйіршікті пластик сияқты материалдарды қаптау, тасымалдау, сақтау және түсіру кезінде ыңғайлы. Вагон қаптары күкірт, бидай, құм секілді ашық тасымалданатын жүктерді қаптауға қолданылады.

«Енді биг-бэгтер өндірісін жолға қойғымыз келеді. Полипропиленді матадан бастап, дайын өнімге дейін өзіміз жасайтын боламыз. «Ақтөбе» индустриалық аймағынан екі гектар жер алдық. Орналасқан жеріміз өте ыңғайлы, коммуникациялық желілер өткізілген. Маркетингтік талдау жасаған кезде полипропилен қаптарына сұраныс бар екенін анықтадық. Біз өнімнің сапасына баса мән береміз. Шикізатты Ресейдің Челябі мен Ярославль қаласынан жеткіземіз. Бүгінде «ТеңізШевройл» компаниясымен келісімшарт жасалды. Олар бізден вагон қаптарын алатын болды. Әзірге өндірісте 17 тігін машинасы жұмыс істейді. Бұл жабдықтың көмегімен жылына 300 мың биг-бэг пен 30 мың вагон қабын жасай аламыз. Жоба толық аяқталған уақытта өндіріс қуаттылығын жылына 1 миллион дана қапқа жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді цех директоры Ботагөз Тайбөкенова.

null

Цехта 30 адам жұмыс істеп жатыр. Екінші кезеңде өндіріс цехы кеңейіп, үшінші кезеңде полипропиленнің сапасын арттыру және жеке шикізат базасын дайындауға арналған нысанның құрылыс жүреді. Ал соңғы кезеңде полипропилен сапасын арттыруға арналған жабдықтар сатып алып, жылына 1 миллион дана қап шығарылады.

null

Соңғы жаңалықтар