Ақтөбеде бір күнде көлікті мас күйінде айдаған 10 жүргізуші ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері жедел алдын-алу шарасын өткізіп, көлікті мас күйінде жүргізгендерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізушілер арасында жауапкершілікті арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында жедел алдын -алу шарасы өтті. Әрі көлік жүргізу құқығынан айырылса да рульге отырғандар анықталды.
«Полицейлер бір күнде 385 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде көлік құралын басқару құқығынан айырылса да рульге отырғандар да тіркелді. Жүргізуші куәлігі жоқ 15 адам көлік айдап жүрген. Сондай-ақ, бір күн ішінде облыс аумағында мас күйінде көлік басқарған 10 жүргізуші, жылдамдықты арттырудың 83 фактісі тіркелді. 13 жүргізуші қарама - қарсы бағытқа арналған жолаққа шығып кетті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар