Ақтөбеде бір аптада мас күйінде көлік жүргізген 78 жүргізуші анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтіп, 78 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 21-27 қазан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілді. Бір аптада 3100 жол ережесі бұзылды. «78 адам мас күйінде көлік айдағаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бір аптада жылдамдықты асырған 694, қарсы бағытқа шығып кеткен 44, жаяу жүргіншіге жолақта жол бермеген 108 дерек тіркеліп, бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 338 факті анықталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар