+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан кетіп қалған екі қыз жалдамалы пәтерден табылды

2021 жылғы 15 мамыр 04:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде бейімдеу орталығынан кетіп қалған екі қыз жалдамалы пәтерден табылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бейімдеу орталығынан кетіп қалған 15 және 17 жастағы екі қыз жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбедегі жол апаты: Аман қалған мектеп директорларының жағдайы ауыр Ақтөбе жол апатынан үш адам ауруханаға түсті Ақтөбеде автокөлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне кәмелетке толмаған екі қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Олар «Аяла» бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері. Орталық директоры полиция қызметкерлеріне 12-мамыр күні бейімдеу орталығының аумағынан 15 және 17 жастағы қыздардың кетіп қалғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері дереу қыздарды іздеуге кірісті және олар баруы мүмкін барлық жерді тексерді. Жүргізілген іздестіру іс-шарасының нәтижесінде полицейлер қыздардың қайда екенін анықтады. Олар екі тәулік бойы Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесіндегі жалдамалы пәтерде болған. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, орталықтың тәрбиешілеріне тапсырды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT