Ақтөбеде бесінші сынып оқушысын жолда көлік қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Hyundai Matrix» маркалы көлік жүргізушісі ескі мешіт жақта жолдан өтіп бара жатқан 5-сынып оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйек күндіз болған.

«Matrix» автокөлігінің жүргізушісі Барсиев көшесімен Некрасов көшесі жағынан Нариманов көшесіне қарай келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан кәмелеттік жасқа толмаған 5-сынып оқушысын қағып кетті. Бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді», - деді Е.Сарқұлов.

Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаменті ата-аналардан балаларға жолдан өту ережелерін үйретуге, ал жүргізушілерден жылдамдық режімін сақтауды сұрайды.

Авторы Самал Ендібаева

Соңғы жаңалықтар