Ақтөбеде бесінші қабаттан құлап, ауруханада жатқан бала көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бесінші қабаттан құлап, бір апта ауруханада жатқан 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және орналасқан жерін мұқият бақылау қажет екенін ескертеді. Биыл өңірде бес бала терезеден құлап кетті.

«30 маусым күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде жазатайым оқиға болды. Бесінші қабаттан 2 жасар бала құлап кеткен. Баланың анасы ас үйде болған. Бала түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бір апта ауруханада жатқан бала көз жұмды. Осыған байланысты ата-аналарға мұқият болуды, балаға үнемі қауіпсіздік ережесін еске салып отыруды ескертеміз», - деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.



Соңғы жаңалықтар