Ақтөбеде Беларусь инвесторының құқығы қорғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі «Protecting Business and Investments» жобасы аясында Беларусь инвесторының құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инвесторлардың құқығын қорғау, инвестициялық ахуалды сақтау мақсатында өңірде «Protecting Business and Investments» жобасы екі жыл бұрын іске қосылды. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ондаған келісімге қол қойылып, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Германия, Беларусь, Нидерланды, Швейцария, Словакия секілді мемлекеттерден келген инвесторлар, сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенім білдірді.

Ал бүгін нейрохирургия және травматология саласында жоғары технологиялық имплант бұйымдарды өндіруді жүзеге асыратын Беларусь Республикасының инвесторы, сондай-ақ газ толтыру станцияларының құрылысын жүргізетін «Port Impex» ЖШС-і сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды.

«Біз алдағы уақытта да инвесторлардың қызметіне кедергі келтірудің әрбір фактісіне жедел және принципті түрде әрекет етуді көздеп отырмыз. Алдын алу шараларына назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инвестициялық жобаларға өзінің қатысуын бірден белгілейтін болады, бұл шенеуніктер үшін тежеуші фактор болуы тиіс», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов. Өз кезегінде Беларусь Республикасынан келген инвестор Дмитрий Клименок жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде кедергіге тап болғанын, қазір инвестициялық ахуал өзгергенін жеткізді.

«Мәселені оң шешудің арқасында Ақтөбе облысы азаматтарының денсаулық сақтау жүйесі медициналық мақсаттағы бұйымдардың инновациялық өндірісін тарту арқылы жақсарады, сондай- ақ ондаған жұмыс орны сақталып қалды», - деді инвестор Дмитрий Клименок.

Соңғы жаңалықтар