Ақтөбеде базарлар жексенбі және мейрам күндері жұмыс істейтін болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жексенбі және мереке күндері базарлар жұмыс істейді. Ақтөбе облыстық бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері шығарған қаулыда бірқатар жеңілдік бар.

Бұған дейін жексенбі және мереке күндері базарлар жабық тұрды.

Енді сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілерінің қызметіне жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес, жексенбі және мереке күндері сағат 10:00 – 17:00-ге дейін рұқсат берілді.

Сонымен бірге осы объектілердегі балалардың ойын алаңы мен аттракциондар қызметіне тыйым салынады.

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес, жексенбі және мереке күндері сағат 08:00 – 17:00-ге дейін рұқсат берілді.

Балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар және ересектер білім орталықтарының қызметі де ішкі тәртіп бойынша реттеледі.

Тек бала саны 15-тен аспауы тиіс. Балабақшадағы кезекші топта бала саны 20-дан аспауы тиіс.

Бұған дейін 15 балаға ғана рұқсат берілген болатын.

Қаулыда шектеу шарасы да қамтылған. Ақтөбеде жаңа жылдық кештер, ертеңгіліктер өткізуге тыйым салынды.

Отбасылық басқосулар да өткізуге болмайды. Жиналыс, кеңес, семинарлар ұйымдастыруға шектеу қойылған.


Соңғы жаңалықтар