Ақтөбеде бастауыш сынып оқушысын көлік қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көлік қағып кеткен бірінші сынып оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе полициясы жүргіншілердің де жол ережесін жиі бұзатынын айтып отыр. Көбіне ересек адамдар балаларын белгісі жоқ жерден жетектеп өтіп, жол-көлік оқиғасына тап болып жатады.
«22 шілде күні «Рено Сандеро» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Анасы мен баласы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Оқушы дене жарақатын алып, ауруханаға түсті», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, тағы бір деректе «KIA K5» көлігі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған жүргіншіні қағып кетті. Қала тұрғыны қолын жаралап, аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар