Ақтөбеде барымташылар тобы ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері таяу күндері ұзақ уақыт бойы мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Оған бірнеше ауданның 23, 25 және 26 жастағы тұрғындары кірген.

Қылмыстық топты полиция жедел тобының қызметкерлері мен полицияның учаскелік инспекторы Қобда ауданының тұрғындарынан ірі қара малды ұрлау кезінде ұстады. Күдіктілер «ВАЗ» маркалы көлігін мініп қашпақшы болды. Бірақ полиция қызметерлері жолдарына тосқауыл бола алды. Қарау кезінде көліктің ішінен сойылған малдың тұтас еті, пышақтар, қайрақ, етті бөлшектеуге арналған балта және жіптер анықталып, тәркіленді.

Тергеу кезінде ұсталғандар өз кінәларын мойындап, сондай-ақ облыстың Қобда және Алға аудандарының аумағында жасаған осыған ұқсас жеті ұрлық бойынша түсініктерін берді.

Мысалы, Алға ауданының Маржанбұлақ кентінде барымташылар ауыл тұрғындарының бірінің ауласынан бір ірі қара малды ұрлап әкеткен. Сондай-ақ осындай қылмысты Қобда ауданында жасаған - түнде жергілікті тұрғынның ауласында орналасқан мал қашасынан ірі қараны ұрлап әкеткен.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 188 бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар