Ақтөбеде барлық бағыттағы жол ашық

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолы қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа райына байланысты жабылған жолдар ашылды. Қазір «Самара – Шымкент» тасжолының 1154 - 1240 шақырымдар аралығымен жеңіл және жүк көліктерінің жүруіне жағдай жасалды«, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Айта кетейік, кеше кешке Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауылы қиылысында, яғни, Қарабұтақ ауылына қарай 20 шақырым бойы 200-250 көлік тұрды. Жүк көліктерінің жол жиегіне тұрып қалуынан кептеліс пайда болған. Ал Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауылынан Қызылорданың Арал қаласына қарай 40 шақырымда 60 көлік жиналып қалды. ТЖД шұғыл ескерту жасап, бұл жолдарда жүруге уақытша шектеу қойған болатын

Соңғы жаңалықтар