Ақтөбеде банктер клиенттерден несие комиссиясына ұстаған ақшасын қайтарып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің Ақтөбе облыстық филиал қызметкерлері сот отырыстарына жиі қатысып жүр. Биыл 70 несие алушы банктің комиссия үшін алған шығынын кері қайтартып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы уақытта қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден алған несиенің келісімшартын қайта тексертіп жатыр. Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен хабарламадан соң сотқа арыз жазатындардың саны арта түскен. «Ақтөбе ақпарат» орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық банктің Ақтөбе облыстық филиалы банк комиссиясының шығынын кері қайтарып алған клиенттердің өскенін мәлімдеді. Үш жыл бұрын алынған және қазіргі несиенің комиссия шығынын кері қайтаруға болады. Алдымен клиент сотқа арыз түсіріп, талаптарын қоюы керек.

«Банк клиенті сотқа арыз түсіріп, комиссияның негізсіз төлегенін дәлелдеуі керек. «Банктер және банк қызметі туралы» Заңы бойынша банк комиссияға ақша ұстайды және оның құны қанша болатынын өздері белгілейді. Екі тарап арасындағы дауды тек сот анықтап, шешімі шығарылады. Жыл басынан бері біз 70-тен астам сот отырысына қатысқан болатынбыз. Басым бөлігінде банктер клиенттеріне комиссия шығынын қайтарып жатыр. Мұндай жағдай барлық екінші деңгейлі банктерде тіркелді», - деді Ұлттық банк филиалының бөлім басшысы Жанат Айтбай.

Ақтөбе облысы бойынша соңғы үш жылда банктен алған несиенің комиссия шығынын қайтару арызы қаралып жатыр.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 308 миллиард теңге несиелік берешек бар. Олардың 24 миллиард теңгесі проблемалық несиеге жатқызылған. Статистикалық мәліметке сүйенсек, берешектің тең жартысы заңды тұлғаларға тиесілі. 

Соңғы жаңалықтар