Ақтөбеде банкрот болған зауыттың жұмысшылары жалақысын өндіріп алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе бейметалл құбырлар зауытының жұмысшыларына 2016 жылдан бері жалақы берілмеген. Банкрот болған компанияның мүлкі сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың алғашқы тоқсанында зауыт жұмысшылары күтуден шаршағанын, несиелерін өтей алмай отырғанын айтып, әкімдікке барды. Кездесу кезінде зауыттың банкрот болғаны, алғашқы сатылымда өтпей қалғаны белгілі болды. Кейін жаңа иесі анықталып, алдымен жұмысшылар алдындағы қарызы өтелді.

«Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты» АҚ-ы қызметкерлері алдындағы жалақы қарызын толық өтеді. 2016 жылдан бастап компания 135 қызметкерге 63,8 млн теңге көлемінде жалақы бермеген. Қазіргі кезде 108 адам өзіне тиесілі ақшаны алды. Өзге адамдар банк карталарын жасатып жатыр. Құжат тапсырған кезде ақша аударылады», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.


Соңғы жаңалықтар