Ақтөбеде банк қызметкері клиенттердің ақшасын құмар ойынға салып жіберді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде банк қызметкері төрт салымшының есепшотынан 1,3 миллион теңге алып, құмар ойынға ұттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға бірнеше азамат хабарласып, шоттарынан ақшаның бір бөлігі жоғалып кеткені туралы арыз жазды. Тергеу жүргізу барысында қаржы мекемесінің 21 жастағы операторы анықталып, ұстады.
«Күдікті үш ай бойы 4 салымшының шотынан ақша алып отырған. Салымшылардың байқамауы үшін ақшаны 30 мың теңгеден бөліп-бөліп шешіп алған. Жалпы алғанда жәбірленушілердің шотын 1 млн 300 мың теңге жоғалды. Ұрланған ақшаны жас жігіт букмекерлік кеңселердегі құмар ойынға тіккен.
Барлық факті негізінде Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Полицейлер банк карталарынан қаржы ұрлау дерегінің көбейгенін, соған байланысты қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрады. Сонымен қатар, қылмыскерлер үнемі өз дағдыларын жетілдіріп, ұрлықтың жаңа тәсілін жасайды. Сондықтан банк есепшотында сақталған қаржыны үнемі бақылап отырған дұрыс.

Соңғы жаңалықтар