Ақтөбеде банк күзетшісі букмекерлік кеңсені тонап кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде банк күзетшісі жұмысқа барар жолда букмекерлік кеңсені тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше сағат 8:00 шамасында тапаншаға ұқсас затпен букмекерлік кеңсеге кірген белгісіз адам кассадағы 129 мың теңгені алып кеткен. Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғаушылар шұғыл оқиға орнына барып, банк күзетшісін ұстады.

«Букмекерлік кеңсе жанында орналасқан банктің күзетшісі ұсталды. Одан ақша мен ойыншық тапанша тәркіленді. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар