Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Ақтөбеде баласын құм басып қалған ата-ана 2,5 миллион теңге өтемақы сұрады

2018 жылғы 6 желтоқсан 14:05 347
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде баласын құм басып қалған ата-ана 2,5 миллион теңге өтемақы сұрады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе жағажайындағы оқыс оқиғаға байланысты сот отырысы аяқталуға жақын. Жарыссөз кезінде жәбірленуші тарап 2,5 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өндіруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан туысқан ағасы болып шықты Елордада тағы төрт адам торттан уланды

№2 Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қаралып жатыр. Жағажайда екі баланы құм басып қалған кезде бірінің денсаулығына аса ауыр зардап келді. Кейін іс сотқа жетіп, жәбірленуші тарап оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Жарыссөз кезінде айыпталушы Арман Қазбаев өз кінәсін мойындамады.

«Сол күні коммерциялық қызмет көрсетілген жоқ. Бірақ менің інім олардың өтінішіне құлақ асып, жағажайға кіруге, тынығуға жіберді. Мен інімнің шешіміне қарсы болмағаным үшін ғана кінәлімін. Сол күні жағажайда болмадым. Мен кінәлі емеспін. Кейін мен жәбірленушіге өз көмегімді ұсындым. Туған-туыстарымнан 300 мың теңге жинап бердім. Бірақ жәбірленушілер алмады. Олар менен 2 миллион теңге сұрап отыр», - деді айыпталушы Арман Қазбаев.

Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы сот алдында жауап беріп жатқан айыпталушы Арман Қазбаевты кінәлі деп танып, 2,5 жылға бас бостандығынан айыру, яғни, қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеуді сұрады.

Сот отырысы кезінде жәбірленуші тарап 2,5 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өндіруді сұрады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT