Ақтөбеде баласын бақылаусыз жіберген ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ювеналды полиция қызметкерлері рейд жүргізді. Полиция бөліміне барлығы 46 бала жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын рейд жүргізеді. Ювеналды полиция қызметкерлері бір тәулікте кәмелетке толмаған 46 баланы бөлімшеге жеткізді.

«Бір жасөспірімнен пышақ тәркіленді. Барлық баланың ата-анасына түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 442-баптың 2-бөлігі бойынша 26 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау - ересектердің басты міндеті. Ақтөбе қаласының полиция басқармасы балаларының жүрген жерін бақылауды және демалыстың сәтті өтуі үшін барлық жағдайды жасауды сұрайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар