Ақтөбеде балаларына қарамаған 37 ата-ана айыппұл төлейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Жасөспірім» шарасы өтті. Одна жасөспірімдерден 11 тескіш-кескіш зат тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнаулы орта, жоғары оқу орындарының студенттері сабаққа офлайн қосылған кезде өңірде рейд күшейтілді. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау, олардың түнде көшеде бейберекет жүрмеуін қадағалау мақсатында бір апта бойы «Жасөспірім» шарасы өтті.

«Жанында заңды өкілі болмаған 400-ге жуық жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына хабар берілді. Баласын бақылаусыз қалдырған 37 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылып, оларға айыппұл салынды. Сонымен бірге кәмелетке толмаған 57 бала мен 58 отбасы есепке алынды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардан 11 тескіш-кескіш зат тәркіледі. Балаларыңызды, олардың бос уақытын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етуге шақырамын», - деді Ақтөбеоблысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Соңғы жаңалықтар