Ақтөбеде балаларға арналған толық метражды фильм түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде балаларға арналған толық метражды фильм түсірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «MediaPRO» балалар продюсерлік орталығының басшысы Жанаргүл Досова хабарлады.

Ақтөбе облысында алғаш рет жас және кәсіби актерлердің қатысуымен балаларға арналған  толық метражды фильм түсірілді. «Жаса» фильмінің режиссерлары - Қанат Айтбаев пен Мейрам Хабидолла. Аталмыш жобаға Әкім Әлішер, Гаухар Әлібекқызы, Жұлдыз Елубай, Қанат Мұсағұлов секілді жас актерлер мен Роза Балғалиқызы, Кеңес Кемелбаев, Динара Еспаева және Даурен Балапанов сияқты кәсіби актерлер қатысты.

«Бұл жоба балалар фильмдерін шығару процесін ынталандыру мақсатында шығармашылық тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен қатар, адамгершілік, рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау сонымен қатар, өңірдің балалары мен жастарының әлеуметтік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыруына жәрдемдесу үшін іске асырылды», - дейді жобаның басшысы Жанаргүл Досова.

Айта кетейік, балаларға арналған музыкалық фильм отбасылық мелодрама жанрында түсірілген.  Фильмде  отбасын ажырасудан аман алып қалу үшін барлық шараларды қолданатын  13 жасар Жасар атты бала туралы айтылады.

Соңғы жаңалықтар