Ақтөбеде «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көмекке мұқтаж жандарға арнайы қызмет көрсету орталығы ашылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақытты отбасы» орталығы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасылық мәселелерді шешуге негіз болмақ. Бұл жерде ұлт құндылықтары да насихатталады.

«Соңғы жылдары елімізде бала тәрбиесі мен отбасы құндылықтарына көп көңіл бөлінуде. Балаларды қорғау, отбасын қолдау мәселелері қашанда Nur Otan партиясының назарында. Осы орайда 7 жыл бұрын партия бастамасымен мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамды жұмылдырып, отбасыларға нақты іс жүзінде көмек көрсету, өзекті мәселелерін шешу жұмысы атқарылып келеді. Қазіргі уақытта өңірімізде отбасы үлгісіндегі 4 балалар үйі (Хромтау, Мәртөк, Қобда, Темір) жұмыс істейді. «Мейірім« жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығын «Сәби« жеке қайырымдылық қоры сыйға тартты. Орталық 80 пәтер мен әкімшілік ғимараттан тұрады. Орталықтың негізгі қызметі - балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеу», - деді Nur Otan партиясының облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов.

Мұқтаж жандарға көмек көрсету, оларды қолдау – «Бақытты отбасы» жобасының басты мақсатының бірі. Өткен жылы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен Алға балалар үйін біріктіру нәтижесінде «Аяла» қиын өмірлік жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы ашылды. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында «Мәлике» арнайы қолдау орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл жерде өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдер мен балаларға психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік қызмет көрсетіліп келеді. Ал облысымыздағы «Күншуақ» инклюзивті балалар лагерінде өткен жылы 600-ден астам ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар құрдастарымен бірге демалды.

Айта кетейік, «Бақытты отбасы» орталығы отбасылық көмекке мұқтаж жандарға арнайы қызмет көрсетеді. Орталықтағы психолог, медиатор, заңгер, әлеуметтік педагог, мемлекеттік мемеме қызметкерлері, депутаттар, қоғамдық ұйым белсенділері қабылдау өткізетін болады. Құқық қорғау мәселелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету, зейнетақына тағайындау, білім беру мен тәрбие, балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету, тұрғын үй, жер беру мәселелері де осы орталықта қаралады.

Соңғы жаңалықтар