+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Ақтөбеде азық-түлік бағасы қымбаттады

2020 жылғы 24 қараша 22:58
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде азық-түлік бағасы қымбаттады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша қант, жұмыртқа, қарақұмық, өсімдік майы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік маңызға ие 32 тауар түрінің 24-і өңірде өндіріледі. Өзгесі еліміздің әр өңірінен жеткізіледі.

«Қараша айында әлеуметтік тауар құны 1,2% өсті. Қант Алматы мен Жамбылда ғана шығарылады. Күнбағыс майы, қарақұмық жармасы да өзгелерден әкелінеді. Сондықтан бағаның көтерілгені байқалады. Яғни, өндірушілер бағаны өсірген. Ірі сауда желілері әлеуметтік маңызы бар тауар бағасына тек 5 пайыз үстемеақы қоса алады. Қазір жұмыртқаның 10 данасы 336 теңге. Күнбағыс майының өсуіне шикізат шығымының аз болуы себеп», - деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Айта кетейік, өзіндік өніммен қамту мақсатында 2020-2022 жылдары 23 инвестициялық жоба іске асырылады. Өңірде жылына 35 мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылады. Сол кезде тек Ақтөбе емес, батыс өңірінің сұранысы қамтылады.

«Облыста сүт және сүт өнімдері сұранысын қамту үшін 7 тауарлы сүт фермасы ашылды. Келер жылы 2500 сүтті сиыр ұстайтын жаңа шаруашылықтың құрылысы басталады. Халықты азық-түлікпен қамту үшін тұрақтандыру қоры да жасақталды. Қазір 186 миллион теңгеге көкөніс пен әлеуметтік маңызы бар тауарды сатып алып, сақталды. Нан бағасын өсірмеу үшін 600 миллион теңге сұралды. Сол кезде ұн комбинаттары шикізат құнын тұрақты ұстап тұрады», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT