Ақтөбеде әжетханаға түсіп кеткен 2 жасар сәби көз жұмды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Шалқар қаласында 2 жасар сәби әжемхана шұңқырына түсіп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, оқиға Шалқар қаласында болған.

Онда 2020 жылы туған сәби әжетхана шұңқырына түсіп кеткен.

«Сол күні анасы өзге баласын алып, облыс орталығына кеткен. Ал әкесі жұмыста болған. Үйіндегі туыстарының баласы әжетханаға барып, қатты жел тұрғанда есігі жабылмай, сәби құлап кеткен. Баланы шұңқырдан туысы алып шығып, дәрігерлерге жүгінді. Оны кейін санавиация қызметімен қалаға жеткізді. Бірақ бала бірнеше күннен соң көз жұмды. Оның ата-анасына қатысты Қылмыстық кодекстің «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша іс қозғалды», - деді Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында ер адамның денесі табылды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы тұрғын ұсталды.

Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.


Соңғы жаңалықтар