Ақтөбеде әйелді көлігімен қағып өлтірген полиция қызметкері қамауға алынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көлік қағып кеткен 55 жастағы әйел көз жұмды. Көлік тізгінінде полиция қызметкері болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 сәуір күні сағат 00:30 шамасында Ақтөбе қаласындағы Т.Рысқұлов көшесі бойында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Белгісіз адам көлігімен әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апатында жарақат алған 55 жастағы қала тұрғыны көз жұмды.

«Қылмыстық оқиғаны ашу үшін полиция қызметкерлері көп іс тындырды. Оқиға орнында көліктің бір бөлшегі қалып қойып, сол арқылы машинаның маркасы мен түсі белгілі болды. Оқиға болған аудандағы бейнекамераларды қарап, көліктің мемлекетік нөмірі анықталды. 17 сәуір күні жедел іздестіру кезінде 41 жастағы полиция қызметкері ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар