Ақтөбеде әйелдерді зорлықтан қорғау тобының үздік инспекторы анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Адам құқықтарын халықаралық қорғау күні Ақтөбе қаласында «Әйелдерді зорлықтан қорғау тобының үздік инспекторы» атты байқау өтті.

Оған Ақтөбе облыстық ІІД ішкі істер бөлімдерінің қалалық және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Байқаудың мақсаты - кәсібилікті одан әрі жетілдіру, жақсы тәжірибені зерттеу, тарату және енгізу, әйелдерді зорлықтан қорғау тобы испекторларын моральдық және материалдық жағынан ынталандыру.

С.Бәйішев атындағы университетте өткен байқауға құқық факультетінің студенттері көрермен болды.Қатысушылар зорлық проблемалары мен аталған әлеуметтік құбылысты шешу жолдары туралы баяндап, нақты мысалдар келтіріп өтті, жәбір көрген әйелдерге кешенді көмек көрсетілетінін хабарлап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде студенттер өнер көрсеткен қызметкерлердің ішінде ұнатқандарына дауыс берді.

Байқау қорытындылары бойынша, Шалқар АІІБ полициясының кіші лейтенанты Ж.Шалқарбаев үздік инспектор деп танылса, екінші орынды - полиция майоры М.Асқарова (Ақтөбе қалалық ІІБ) иеленді, полиция лейтенанттары Г.Нұрова (Хромтау қаласы) мен А.Базарбай (Алға қаласы) үшінші орынды өзара бөлісті.

Аймақта «Әйелдерге қатысты зорлықсыз 16 күн» атты акция аяқталды. Оны өткізу кезінде полиция қызметкерлері тұрғындармен 230 кездесу өткізіп, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 120 адам жауапкершілікке тартылды, 80 қорғау ұйғарымы шығарылып, сотпен олардың кейбірінің тәртібіне қатысты 35 ерекше талап қойылды.

Соңғы жаңалықтар