Ақтөбеде әйелдерді тонап жүрген жас жігіт ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қалада әйелдердің алтын алқасын тонаған күдікті ұсталды. Ол түнде ғана емес, күндіз де ашық түрде ұрлық жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті көшенің қуыс жерін әдейі таңдап, адам аз жүретін сәтті пайдаланған. Облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тамыз - қыркүйек айлары аралығында 8 адамды тонаған 24 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ұрланған зергерлік бұйымдарды тәркілеу үшін жедел-тергеу шарасы жүргізілуде. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша іс қозғалды. Тағылған айып дәлелденсе, жас жігіт 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар