+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Ақтөбеде әйелдер арасындағы суицид азайды

2019 жылғы 22 шілде 17:54
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде әйелдер арасындағы суицид азайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Каспий теңізінде шекара бұзған Әзербайжан азаматтары ұсталды Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүргендер бар ма Қазақстандағы шетелдік көліктер қылмыс құралына айналып кетіп жатыр - ІІМ

Ақтөбелік полицейлер әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстарын қортындылады. Жыл басынан бері әйелдерге қатысты 2 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған.

«Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың 18,8% мүліктік сипатқа ие. Саралай келе жұмыс істемейтін ер адамдар ішімдік ішіп, отбасында жиі жанжал ұйымдастыратыны анықталды. Тұрақты жұмысы жоқ адамдар да осы санатқа қосылған. Учаскелік полиция инспекторлары тұрмыс барысындағы құқықбұзушылықтарды тіркеп, 1200-ге жуық тұрғынды әкімшілік жауапқа тартты. Тағы бір айта кетерлігі, биыл бірінші жартыжылдықта әйелдер арасындағы суицид фактісі 50,8% төмендеген», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының жоспарына сай жыл басынан бері «Тұрмыс», «Жайлау» және «Халықаралық отбасы күні» аясында алдын алу іс-шаралары өткізілді. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, олардың құқықтарының сақталуы, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Халықтық кеңсе ғимаратында, дағдарыс орталықтары мен Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен әйел азаматтарға қабылдау өткізіліп, оларға кеңестер берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT