Ақтөбеде автобус жүргізушісін пышақтаған күдікті тергеліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 30 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісін пышақтаған күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, 17 мамыр күні кешкілік Ақтөбе қаласындағы №26 бағыт автобусының жүргізушісін жолаушы пышақтап кеткен болатын.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жүргізуші жедел ауруханаға жеткізіліп, жеңіл дене жарақатымен үйіне шығарылды. 

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, Сазды полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкициялауға өтініш беріліп, оны сот қанағаттандырды. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторыда отыр. 

Соңғы жаңалықтар