+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді

2020 жылғы 16 қыркүйек 16:01
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бір жылда автобус жүргізушілерінің кінәсінен 29 адам мерт болды 2020 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 17 пайызға азайды Атырауда жол апаты 58 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:20 шамасында болды. «Mercedes Benz» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі мейрамхана тұрағынан шығып, жолдағы қауіпсіздік ережесін ескермеді.

Рөлде отырған әйел жан-жағына қарамастан бұрылған. Салдарынан «ПАЗ 320402» маркалы автобуспен соқтығысты.

«Жол апаты кезінде «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың 7 жолаушысы дене жарақатымен Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жүгінді. Сондай-ақ автобустың бір жолаушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оның айтуынша, апаттың негізгі себебі - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін саналы түрде ескермеуі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT