Ақтөбеде автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы ауруханаға түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы тіркеліп, автобус жолаушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 15 шілде күні Нұр-Ақтөбе ықшам ауданында тіркелді. «ВАЗ-2110» көлігі мен автобус соқтығысып, тағы бір жеңіл көлікпен түйісіп қалды.

«Автобус екі жеңіл көлікті соқты. Жол апаты кезінде қоғамдық көлік жолаушысы құлап, дене жарақатымен ауруханаға түсті. Оның сол қолы сынды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар