Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Ақтөбеде автобус өртінен аман қалған жүргізушілер ауруханадан шығарылды

2018 жылғы 25 қаңтар 12:01 99
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде автобус өртінен аман қалған жүргізушілер ауруханадан шығарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған 5 адамның үшеуі ауруханадан шығарылды. Қазір екі Өзбекстан азаматы ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сауда үйінде күйік шалып көз жұмған күзетші әйелге қатысты әкімдік түсінік берді Үндістан әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары соқтығысты

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған 5 адам бір апта бойы облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдады. Аурухананың бас дәрігері Рақымжан Арыстанның хабарлауынша, прокуратура үш Қазақстан азаматын алып кетті. Олардың бәрі өртеніп кеткен автобустың жүргізушілері.

«Прокуратура үш адамды шығарып алды. Олардың бәрі Қазақстан азаматы. Ал екі Өзбекстан азаматы әлі ауруханада жатыр. Олардың қашан шығатындығын құқық қорғау органдары шешеді»,- деді бас дәрігер Рақымжан Арыстан.

Айта кетейік, облыстық жедел жәрдем ауруханасына науқастар санавиациямен жеткізілді. Олардың қолын күйік шалған, газға қатты уланған. Қазір науқастардың денсаулығы жақсы, жағдайлары қанағаттанарлық. Жергілікті дәрігерлер қажетті емнің бәрін жасап, оларды ауруханадан шығаруға дайын отыр. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT