USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды

2018 жылғы 18 қаңтар 11:45
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртенді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін Астана уақытымен сағат 10:30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда автобустан өрт шықты. «Икарус» маркалы автобус ішінен шыққан өрт салдарынан 52 жолаушы көз жұмды. 5 жолаушы өрттен шығып үлгерген. Аман қалған 5 адамның екеуі Өзбекстан азаматы, үшеуі Қазақстан азаматы. Оқиға орнына өрт сөндіруге арналған 2 техника мен 8 адам жіберілді. Бұл жер облыс орталығынан 320 шақырым қашықтықта орналасқан»,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ТДЖ мен облыс әкімінің орынбасары жедел штаб құрды. Жедел желі іске қосылды. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен психологтар, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT