Ақтөбеде ауызашар өткізгендерге айыппұл салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ауызашарға барған бір топ іскер әйелдің аты-жөні анықталып, барлығына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанова мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова қатысқан ауызашар көпшілік талқысына түсті.

Көп ұзамай істі тексеру үшін мониторинг топқа бейнематериал жіберілді.

«Мониторингтік топтан бүгін материал түсті. Материалға сәйкес ұжымдық ауызашар өткізіп, оған қатысқандары үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 15 адамға хаттама толтырылып, әрқайсына 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қоса, қалған 5 адамға және ауызашар өткен қоғамдық тамақтану орнының иесі хаттама толтыру үшін шақырылды»,- деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар