+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ақтөбеде ауылға барған жас дәрігерлер 1,5 млн теңгеден алды

2019 жылғы 3 қазан 01:25
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде ауылға барған жас дәрігерлер 1,5 млн теңгеден алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Дипломмен ауылға» барған 45 жас дәрігердің әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызсетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына мемқызметшілер енгізілуі тиіс - депутат Дипломмен ауылға: Жамбылда 1600-ден астам маман ауылдарда жұмыс істеп жатыр Дипломмен ауылға: Жамбылда 201 маман ауылға аттанды

Ақтөбе облыстық медицина орталығында «Жас мамандардың мамандыққа бастамасы» атты жас дәрігерлерді қолдауға арналған шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыс әкімінің орынбасары , облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медициналық орталықтың бас дәрігері, денсаулық саласында қызмет еткен ардагерлер қатысты. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина институтын бітіріп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылға жұмысқа орналасқан 45 жас дәрігердің әрқайсысына 1,5 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

«Президент алғашқы медициналық көмек адамдарға барынша жақын болуы керектігін тапсырған болатын. Облыста медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, өңір басшысы Алматы қаласында дәрігерлер арасында өткен турнирде үшінші орынға қол жеткізген футбол командасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгенің сертификатын табыстады.


Статистикаға сүйенсек, биыл облыс орталығынан 45 азамат ауылға жұмысқа жіберіліп отыр. Өткен жылы көрсеткіш 32 болған. Ақтөбе облысының денсаулық саласында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, соңғы 5 жылда облысымызда заманауи құрылғылармен жабдықталған 36 медициналық нысан пайдалануға берілді. Бүгінгі күнге 5 нысанның құрылысы жалғасуда. Темір ауданының Шұбарши ауылында 50 адамға арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. 2020 жылы заманауи талаптарға сай келетін облыстық перинаталды орталық пайдалануға беріледі. 2021 жылға Шұбарқұдық елдімекенінде орталық аудандық ауруханасының құрылысы жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT