Ақтөбеде ауылды шаңға көмген зауыттар жұмысын тоқтатуы мүмкін

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Шалқар ауданы Бершүгір ауылындағы қиыршық тас зауыттары шаң ұстау, су себу құрылғыларын пайдаланбай, ауаны ластаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл халқы жаз бойы үйлерінен шықпай, аллергияға шалдыққанын айтып, көмек сұрады. Арыз-шағымнан соң облыстық экология департаменті тексеру жүргізді.

«Экология департаменті қиыршық тас өндіретін 11 кәсіпорынды тексерді. Нәтижесінде кей кәсіпорындардың экологиялық заңнаманы сақтамайтыны, шаң мен газдан тазарту құрылғыларын пайдаланбай, қоршаған ортаға эмиссия үшін рұқсат алмай жұмыс істегені анықталды. Барлығы 8 кәсіпорыннан заңсыздық анықталды. Олар: «Тау Кен», «Мұғалжар нефтестрой», «Иргиз Тас Кум», «Теміржол жөндеу», «Алтын Мунай Тас», «Акшат Актобе», «Актюбинская компания инертных материалов», «Нур Тас Актобе» ЖШС. Бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 174 миллион теңге төлейді», - деді облыстық экология департаменті.
Айта кетейік, экология департаменті «Мұғалжар нефтестрой», «Алтын Мунай Тас», «Нур Тас Актобе» ЖШС-нің жұмысын тоқтату туралы арызды сотқа жолдады. Егер зауыттар заңсыздықтарды жойса, әрі қарай жұмыс істей береді. Қазіргі уақытта экологтардың шешімімен келіспеген кәсіпорындар да сотқа қарсы шағым түсіре алады.


Соңғы жаңалықтар