Ақтөбеде ауыл жастарына несие беру үшін 400 млн.теңге қаржы бөлінбек

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өткен инвестициялық форумның барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Даму» АДҚ» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ғабит Лесбеков ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, облыс әкімдігі мен «Даму» қоры 14 пен 29 жас аралығындағы ауыл жастарын несиелендіру үшін әрқайсысы 200 млн.теңге көлемінде қаржы бөледі. Біз жастар кәсіпкерлігін қолдамақшымыз, - деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Аталған қаражат екінші деңгейдегі банктерге орналастырылады. Олардан 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер бизнес жобаларын іске асыру үшін пайызы төмен несиелер ала алады.

Соңғы жаңалықтар