Ақтөбеде ауыл жастары сайлауға белсенді қатысып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жергілікті уақытпен 9:30-дағы дерек бойынша сайлаушылардың 14,37 пайызы өз таңдауын жасады. Сайлауда жастар да белсенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаеваның айтуынша, бүгін сағат 9:30-да сайлау өтіп жатқан ауыл тұрғындарының 14,37 пайызы өз таңдайын жасады. Яғни, 4601 адам дауыс берді. Ең белсендісі Қарғалы ауданының тұрғындары. Сондай-ақ Темір ауданының жастары да таңдау жасады.

«Мен 18 жасқа толып, туған жерім Саркөл ауылдық округінің әкімін сайлау құқығына ие болдым. Еліміздің болашағы - жастардың қолында. Мен таңдауымды жасадым. Замандастарымды да белсенді болуға шақырамын», - деді Махамбет Сағынтаев.

Айтып өтейік, сайлауға алғаш қатысқандар мен ең алдымен сайлау учаскесіне келіп таңдау жасағандарға естелік сыйлық берілді.

«Ауыл әкімдерін сайлау тәртібімен тағайындау біз үшін жақсы жаңалық. Мен туған жерімнің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Сөйтіп ауылымның өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуі жолында үлес қостым деп есептеймін», - деді Саркөл ауылының жас маманы Мәдина Сағынтаева.


Соңғы жаңалықтар