Ақтөбеде ауыл тұрғындары жайылым жер сұрап жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылының тұрғындары жайылым жер сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз өз ойымызды ашық айтуға жиналдық. Ауыл тұрғындары мал жоюға қиналып отыр. Бұл проблема әдбен қордаланды. 2019 жылдың сәуір айында басталды. Сол кезде бақташыларға бұрынғы жерге мал жаюға тыйым салды. Адамдар абдырап қалып отыр», - деді ауыл тұрғыны, жергілікті қауымдастық төрағасы Нұрлыбек Сейталин.

Ауыл тұрғындары бұл жайлы бірнеше мемлекеттік органға хабарлама жіберген. Жауабы көңілге қонбаған соң бүгін жиналып, шешімін тағы сұрады. Қазір ауылда 5 мыңнан астам үй бар.

«Бұл ауылда 10 жылдан астам уақыттан бері тұрамын. Біз жұмыс сұрап, жеке бастың қамымен келмедік. Бүтін бір ауыл үшін жайылым керек. Қазір мал бір ізбен барып, біз ізбен келеді. Ішетін су жоқ. Жеке қожалықтар өздерінің аумағына кіргізбейді. Өзім екі қашар сатып алдым, баққым келеді. Бірақ қазір қабырғасын санауға келіп тұр», - деді Қуанышбек Жәшібайұлы.

Жергілікті әкімдік бұған дейін қолданылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару жұмысын жандандыруға уәде етіп отыр. Бұл жұмысты биыл бастайды.

«Бұл жайылым сұрағы министрлік белгілеген жүктемеге байланысты. Елдімекен маңындағы жер бұрын серіктестікке тиесілі болған. 2007 жылға дейін егін екті. Кейін пайдаланбай, көп бөлігі мемлекетке қайтарылды. Соның арқасында Сарыжар маңындағы жайылым 5 мың гектарға ұлғайды. Бұл ауылда 1480 бас ірі қара бар. 800-ге жуығы аналық бас. Жүктеме талапқа сай. Ал тұрғындар «шаруа қожалығы жерді алды» деп отыр. Иә, 2007 жылдан бері бос жатқан жерді өзге серіктетік 2019 жылы жалдау құқығымен сатып алды. Ал ауыл халқына 14 мың га жер бар. Сол жерге мал бағуға болады», - деді Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Исатай Еспағамбетов.


Соңғы жаңалықтар