Ақтөбеде ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Егістік күні» ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі мен шаруаларға арналған семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртөк ауданы Родниковка ауылында өткен жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин де қатысты. Әрі 160-тан астам шаруа келіп, ортақ мәселелерін талқылады. Олардың арасында Батыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген мамандар бар.


«Биыл «Родники Агро», «Бордо Индастрис», «Туркуаз Машенери», Евразия груп» секілді бірнеше шаруа қожалығы заманауи ауыл шаруашылық техникаларын көрсетті. Мәселен, «Родники Агро» ЖШС таяужа 1,3 миллиард теңгеге трактор, комбайн және өзге де соңғы үлгідегі озық техникаларды сатып алған.

«Егістік күнінің» мақсаты Ақтөбе өңірінің ауылшаруашылық саласындағы цифрландыру жүйесін көрсету, өзге өңірдің мамандарымен тәжірибе алмасу болып табылады. Биыл облыста 786 мың га жерге әртүрлі майлы дақыл, дәнді-дақыл, көкөніс, жеміс-жидек егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 % артық.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының егін шаруашылығына 4,4 млрд теңге қаржы бөлінген. Қаржының 800 млн теңгесі субсидияға арналған. Бұл шаруалардың кәсібін дамытуға жасалған үлкен мүмкіндік. Техникалық көрмеден соң мамандар басқосты. Олар Ақтөбе өңіріндегі егін саласын одан әрі дамыту жолдарын талқылап, пікірлерін білдірді.

Жиын соңында Оңдасын Оразалин ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбаевқа саладағы ескі техникалардан арылып, алдағы уақытта жаңалауды, соңғы үлгідегі техникаларды енгізіп, еңбек өнімділігін арттыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар