Ақтөбеде ауыл кәсіпкерлері жетім балаларға пәтер сыйлады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Ырғыз ауданында туып-өскен кәсіпкерлер жетім балаларға баспана беріп, жұмысқа орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ырғызым - ырысты мекенім!» республикалық жерлестер форумы өтті. Ақтөбенің Ырғыз ауданындағы форумға ауылда туып-өскен, еліміздің әр өңірінде жүрген азаматтар қатысты. Ауылдан шыққан кәсіпкерлер алдағы уақытта әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізеді.

«Форум кезінде Ырғыз ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысына жеке инвестициялар тарту туралы меморандумдарға қол қойылды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында балабақша, спорт алаңының құрылысы мен Ырғыз ауылындағы көшелерді жарықтандыру, сонымен қатар Құмтоғай және Тәуіп ауылдарына екі саябақ салу жөнінде келісімдер жасалды. Жобалардың жалпы құны - 100 млн теңге. Ал «Бақытты бала» өңірлік бағдарламасы аясында 17 балаға Астанаға жолдама берілді. Балалар үйінде тәрбиеленген жеті баланың отбасыларына жайлы жабдықталған пәтер кілті тапсырылып, отбасындағы жұмысқа жарамды адамдар еңбекке араласты»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жетім балаларды қамқорлығына алып, баспаналы болуына көмектескен ауыл кәсіпкерлері Ибрагим Сәрсенбаев, Хамит Өтеуұлы мен Боран Ермахановқа «Жомарт жүрек» марапаты табыс етілді. 

Соңғы жаңалықтар