Ақтөбеде ауыл әкімі су ортасында қалған үйге екі көлік күл жеткізіп берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке ауылындағы тұрғын үйлерді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке ауылындағы үш үй су ортасында тұр. Ауыл тұрғындары 16 сәуір күні түскі мезгілде су астында қалған үйлерге көмек көрсетті. Құм мен күл төсеп, үйлерді қоршағанымен, судың ағыны әлі басылар емес.

«Біз қазір далада жүрміз. Күл төсеп, жан бағып отырмыз. Үйіміздің жан-жағы су. Тек үйге кіргізбеудің амалын жасап, інім екеуміз жан-жақты қоршап, су жүрер жолды бекітіп әлекпіз. Ауыл әкімі келді, қарады. Ол «судың деңгейі төмендеп келе жатыр» дейді. Бірақ бәрі сол баяғы қалпы. Өлшеп отырмын, көтеріліп келеді»,- деді ауыл тұрғыны Алмас Керқабақов. Оның айтуынша, ауылға су Тереңсай ауылынан келіп жатыр екен. «Бізге төтенше жағдай туралы алдын-ала хабар берген жоқ. Үш үй су ортасында тұр. Төтенше жағдай қызметінің телефон нөмірін білмейміз. Оларды қайдан шақыру керек екенін де айтпады. Ал ауыл әкімі есік алдына екі көлік күл төгіп берді. Өзге көмек жоқ»,- деді Алмас Керқабақов.



Айта кетейік, Әйтеке би ауылының Әйке ауылында су тасқыны 90-жылдардың ортасында болған. Ауыл әкімі Нұрлан Әліпбаев ауылдағы ахуалды айтудан бас тартты. Қазіргі кезде ауылға кірер жолды да су басып жатыр.


Соңғы жаңалықтар