Ақтөбеде ауыл әкімдігі жыртылып қалған туға байланысты түсінік берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылындағы әкімдікте үш күн бойы жыртық ту ілініп тұрған. Әкімдік осы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеліктердің бірі Табантал ауылдық округі әкімдігінің маңдайшасында ілулі тұрған жыртық туды бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) 25 Окт 2018 в 2:07 PDT


Бейнематериалды түсірген адам бұл тудың жарты жыл бойы ілулі тұрғанын, әкімдік білгенімен, ешқандай шара қолданбағанын хабарлады. Кейін Табантал ауылдық округі әкімінің аппараты тудың өзгертіліп, жаңасы ілінгенін мәлімдеді.

«Әкімдіктегі тудың жыртылғанына үш күн болды. Төртінші күні мен оны алдырып, бүгін жаңасы ілінді. Сол кезде ғана жыртылған ту туралы бейнематериал шыққанын көріп, дереу жауап берілді», - деді Хромтау ауданы Табантал ауылының әкімі Ринат Сәрсенғалиев.

Соңғы жаңалықтар